Читать Адвокатпен сұхбат
Қадірлі тәлімгер, досым және заңгер Кравцов Иван Ивановичтің құрметіне.
АВТОРДАН
Жақында қылмыстық іс жүргізу бойынша бірқатар дәрістер оқуға мүмкіндік туды. Аудиторияның құрамы әр түрлі болды – көбіне жастар, алайда әрқайсысының түрлі деңгейдегі заңдық білімі мен әр түрлі мамандықтары бар. Бірі қазірдің өзінде тәжірибелі адвокат бол- са, бірі сол мамандықты игеруге тырысып жүр, бірі журналист және сот процестері туралы мақалалар жазады, ал, бірі өзі үшін «ұлттық құқық қорғау жүйесінің ерекшеліктерін» түсінуге тырысып жүрген тұлға.
Іс жүзінде осындай «ерекшеліктерге», сонымен қатар күтпеген нәтижелерге тап болған адамдар да болды, кейбіреуі өзін сот әділет- сіздігінің құрбаны деп тапты… Яғни, тыңдаушылардың да уәжі әртүр- лі болды. Сондықтан, маған көбінесе алдын-ала дайындаған дәріс конспектілерін шетке қойып, тыңдаушылармен түсінікті тілде сөйле- суге тура келетін.
Көп ұзамай, артық академизмге ұмтылудың қажеті жоқ екеніне көз жеткіздім, қазіргі уақытта, ең аз ықылас танытудың өзінде «елді жаппай интернеттендірудің» арқасында ҚР ҚІЖК-нің белгілі бір мақа- лаларының заңнамалық ережелері мен нақты тұжырымдарын табу қиынға соқпайды. Менің тыңдаушыларымды оқулықтардан не оқуға болатыны емес, Қазақстан заңдарының «әрпі» мен «рухы» қалай жү- зеге асырылатыны қызықтырды. Олардың маған қойған сұрақтары осыған дәлел бола алады. Сондықтан да, өзімнің «шпаргалкамнан» жиі ауытқып, құқықтық формулалардың белгілі бір тілінен қарапай- ым тілге ауысып отырдым, және дәріс курсының жалпы құрылымын ұстануға тырысқаныммен, кейде өзіме бір тақырыптан екінші тақы- рыпқа «секіруге» ерік беретінмін. Дәрістерден ұласатын қызу әңгіме логикасы осыны талап ететін.
Шынымды айтсам, бұл мені қынжылтпайтын, керісінше қуантатын. Өйткені, танымал ғалымдармен, Құқықтану теоретиктерімен бәсекелес болу менің жоспарыма кірмеген еді. Өзімнің басты міндетімді мүлдем басқаша деп санаймын, ол өз жолын заңгер ретінде бастаған жастарға, өз елінің болашағына мүдделі және немқұрайлы емес Қазақстан азаматтарына қазақстандық қылмыстық іс жүргізу жүйесі, идеалды түрде емес, шын мәнінде қалай жұмыс істейтіні туралы практикалық білім беру.
Сонымен қатар, олармен бұл жүйе қай бағытта даму керектігі тура- лы өз көзқарасыммен бөліскім келді. Оған қоса, түрлі жағдайға байла- нысты әр адам өз еркімен, көбінесе еркінен тыс жүйенің «бұрандасына» айналып, мүлдем жағымсыз жағдайларды басынан өткізуі мүмкін.
Оларды «заңды» теңізде жүзетін «көзге көрінбейтін қиындықтар мен рифтер» туралы ескертуге тырыстым. Мұны істеу маған оңайға түсті, өй- ткені «заңды» өмірбаяныма орай сот қылмыстық процестерінің әртүрлі полюстерінде жұмыс істеп, оларды әртүрлі көзқарастардан көре алдым. Сондықтан, менің практикалық тәжірибем тыңдаушылардың дәрістерге деген қызығушылығын қамтамасыз етті деп ойлаймын.
Кейбір аса қызығушылық танытқандар, әңгімені дәріс залынан тыс жерде жалғастыруға тырысып, өздеріне түсініксіз заңнаманың кейбір түрлерін нақты мысалдармен айқындауды сұрағанын қуана атап өткім келеді. Кейде мұндай әңгімелер тұтас бір пікірталасқа айналатын. Мұн- дай пікірталастар өзіме де көп нәрсеге жаңа көзқараспен қарауға мүмкін- дік береді. Айтпақшы, мен жас ұрпақтың, әсіресе арнайы білім алмаған ұрпақтың, өте заңды аңғалдықпен ерекшеленетініне тағы бір рет көз жеткіздім. Сотқа дейінгі тергеу мен сот процесі қалай жүріп жатқандығы туралы, бұл ұрпақ, негізінен, Перри Мейсон туралы телехикаялардан немесе географиялық тұрғыдан бізге жақын, бірақ шындықтан алыс – мәселені өздерінің ерекше дедуктивті қабілеттерімен немесе сиқы- рлы сараптамалық технологиялармен, одан қалса, көбінесе шатырдан секіру мен табельдік қарудан ату көмегімен шешетін Санкт-Петербургтік «оперлардың», прокурорлардың және адвокаттардың тәтті жұмыс күн- дері туралы телехикаяларынан пайымдайды. Мен бұл иллюзияларды кем дегенде ішінара жоққа шығара алдым деп үміттенемін.