Читать Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
Сіздің ішіңізде алтын бар!
Егер біреу сізге бір сандық алтын берсе және оны пайдалануыңа рұқсат десе, сіз не істер едіңіз? Сіз таңданысыңызды әртүрлі тәсілдермен, эмоциямен білдіре аласыз, бірақ кез келген жағдайда сіз бір нәрсе жасамайсыз: мұндай сыйлықты алмай қоймайсыз. Сіз бірден бұл сандықты ашып, банкке жүгіріп, алтындардың барлығын ақшаға айналдырасыз не оны «менің байлығым» деп банкке салып қоясыз. Негізі байлықтың бәрі қолда не сыртта емес ол мидың ішінде! Адам қолымен байымайды, адам миымен байлыққа қол жеткізеді. Ал егер біреу сізге ішіңізде (миыңызда) алтынға толы бір сандық бар екенін айтса, не істер едіңіз? Сенер ме едіңіз? Мүмкін сіз миыңызды (жаныңызды) зерттеп, бір қорап алтын тауып, содан пайда табарсыз. Алайда, сіз, біздің көпшілігіміз өмір бойы санамыздың ішінде алтын сандығымыз бар екенін, бірақ оны ешқашан пайдаланбайтынымыз туралы ойладыңыз ба? Ойлау деңгейінің тереңінде біздің ақыл-ойымыздың (санамыздың) «бейсана» деп аталатын керемет бөлігі жатыр. Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі ешкім оның нақты мәнісін және шексіз мүмкіндіктерін толық түсіне алған жоқ. Бір белгілісі, онда әркімге тең үлестірілген алтын сандық бар. Барлық қабылданған ақпарат бейсанаға түседі, өңделеді және сақталады. Бұл естеліктер сақтау орны, жад қоймасы, білімнің жасырын репозиторийі (кез-келген деректер мен ақпараттар сақталатын орын). Табысқа жету үшін біз оны дұрыс пайдалануымыз керек, әйтпесе оны білгеннен ештеңе шықпайды. Біз қайыршылар сияқты даланы паналап немесе жарығы, суы жоқ бос үйдің ішінде отырғандай, кейде қолда емес мида бар алтынның қадірін білмей, біздің ішімізде алтын сандық бар екендігінен бейхабармыз. Сіздің кім екеніңізді білдіретін осы – «Бейсана»!
Мен көп ақылдылардың кеңесін естимін: «Кедеймін деп айтпа», «Жұмыс жоқ деп айтпа», «Үкімет жаман деп айтпа» оданша Құдайдың бергенін пайдалан. Расымен, мен келісемін, ішіңіздегі алтындарыңызды пайдаланыңыз, оларды сосын пайдаланымын деп жинағаннан пайда жоқ. Ол алтындар не деген кезде? «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау мен шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен Жүрек» т.б. ұғымдар.
Мысалы: дені сау, аяқ-қолы балғадай, сезім мүшелері түгел, бірақ ақша оған үнемі жетпейді, себебі ол осындай хальге өзін кедей рөлінде жақсы көргендіктен емес, байлықтың барлығы мида екенін білмегендіктен түсіп отыр. Яғни себеп – надандықта.
Тағы бір мысал: Қараңғылықта жарықты көре білу керек, ол сенің сыртыңда жанып тұрған жоқ, ішіңде жанып тұр, ал адамдар жарықты сонда да сырттан көргісі келеді. Сол себепті барлық данышпандардың «шын бақыт адамның ішінде» деп айтатыны да сондықтан.
Біздің бейсананы күнделікті өмірде, біз үшін пайдалы қызметке қоюға болады. Ол сіз үшін жұмыс істеуден, еңбек етуден, шаруа атқарудан, іс тындырудан шаршамайды, егер де сіз оны дұрыс жолға бағыттай алсаңыз. Оны біздің адал пайдамыз үшін өнімді (нәтижелі) әрекетсіз әрекет жасатуға болады. Сіз өзіңіздің ақылыңызбен тәжірибелі хатшының жұмысын орындау арқылы әлдеқайда тиімді әрекет ете аласыз, шығын емес тек пайда әкелетін ақпараттарды есте сақтау арқылы. Компьютердегідей, сіздің ақылыңыз қабылдаған әрбір факт (ақпарат) пен әсер (эмоция) әрқашан ойлаудың беткі деңгейінен өтіп (ақыл) түпкі деңгейінде, бейсанада сақталады. Бұл керемет күшті қалай қолдануға, пайдалануға және дамытуға болады? Жасырын бейсана патшалығын қалай иеленуге болады? Бұл әрине, асығыс жасалмайды. Бейсананың жасырын күштері баяу және жүйелі концентрация (керегін қалдырып, артығын алып тастау) процесінде дамып, біздің ерік-жігеріміз, ақылымыз бен қиялымызға бағытталуы керек.